Түркіменстан Ауғанстанмен шекарада жаңа теміржол көпірін іске қосты

Көпір Тургунди стансасының өткізу қабілетін, оның екі елдің тауар айналымы үшін маңызын арттырады. Сондай-ақ, контейнерлер мен басқа да транзиттік жүктерді ауыстырып тиеу үшін «құрғақ порт» үлгісіндегі қойма кешенін салу жоспарланған.
Көпірді іске қосу «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағытын дамытуға кіретін Тургунди-Герат бағыты бойынша ауқымды теміржол магистралінің маңызды кезеңі болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Түркіменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz