Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 49 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ: АЙЫПТАЛУШЫ СОТҚА КЕЛДІ

49 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ: АЙЫПТАЛУШЫ СОТҚА КЕЛДІ

Лаңкестік әрекетке бармай тұрып айыпталушы әлеуметтік желіде Еуропада мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекетке баратынын жайып салған.
49 адамның өмірін қиған Жаңа-Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекетке басты айыпты 28 жастағы австралиялық - Брентон Таррант. Сенбі 16 наурызда Крайстчёрчде аймақтық сотта айыптының ісі бойынша алағашқы тыңдау өтті.Deutsche Welleбасылымының ақпарына сәйкес екі қаруланған күзет қызметі Тарантаны сот залына қолына кісен салып кіргізген.
The New Zealand Herald басылымының ақпары бойынша Таррант «болған іске еш өкінбейтінін білдіріп, фотоға түсіру барысында ұлтшылдық нақыштағы әрекеттер жасаған». Осыдан кейін айыптыны тыңдау залынан оның қорғаушысына құлақ түрместен залдан шығарып жіберген.
Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот ісі бар-жоғы бір минут көлемінде тәмамдалған. Келесі тыңдау 5 сәуірге жоспарланды.
Лаңкестік әрекеттен 49 бейбіт тұрғын бақилық болды
15 наурызда Жаңа-Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекеттен 49 бейбіт тұрғын көз жұмды. Оның 41-і қаланың орталығындағы Масджид-ан-Нұр мешітінде қаза тапса, жетеуі Линвуд авенюмындағы мешітте көз жұмған, оның үшеуі ғимараттың сыртында өлтірілген. Тағы бір зардап шегуші емханада бақилық болды. 48 адам жарақат алды. Екі мешіттің аралығы бес шақырымды құрайды.
Лаңкестік әрекетті жасамай тұрып Таррант өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 74 беттен тұратын манифест жариялады, онда өзін ақ нәсілді адамдардың артықшылығы идеясын жақтайтын жанның бірі екенін алға тартып, Еуропада мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекетке баратынын да жайып салған.
Мұсылмандардың жұмадағы құлшылығында болған лаңкестік әрекеттің тергеу ісіне жауапты полиция комиссары Майк Буш қазіргі уақытта тағы бір лаңкестік әрекет орын алады деген күдік жоқ екенін, дегенмен тұрғындарды сақ болуға шақырды. Журналистердің екі лаңкестік әрекетті де бір адам жасады ма деген сұрағына жауап қайырған Буш істің ақ-қарасын ашып бере алмайтынын атап өтті. Мешіттегі атыстан кейін ұсталған тағы екі күдіктінің лаңкестік әрекетке қатысы бар-жоғы анықталуда.
«Таррантаның қару-жарақ қолдануға заңды құқығы болған»
Өз кезегінде Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн Тарранттың қару-жарақ ұстауға құқығының бар болғанын және заңды түрде бес қару-жараққа иелік еткенін атап өтті. Премьер-министр аталған лаңкестік әрекеттен кейін Жаңа Зеландияда қару-жарақты қолдануды шектейтін заң енгізілетініне уәде етті.
newsroom.kz
17 наурыз 2019 ж. 1 296 0