Азаматша әрекетке қабілетсіз деп танылды

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 26-бабының 1-бөлігіне сай жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.
17.04.2018 жылғы №160 санды амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысынан, Д-ның психикалық аурумен ауыратыны, оның психикалық бұзылысының түрі «ауыр ақыл кемдігі», ол өзінің әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтыны және оларды басқара алмайтыны анықталды.
Арал аудандық сотының шешімімен Д-ның арызы қанағаттандырылып, азаматша Д. әрекетке қабілетсіз деп танылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі