Израиль, Иран және Ливанда референдум учаскелері қызметін тоқтатты

Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, - деді ол брифингте.
Еске сала кетейік, Израильде 120, Иранда 102 және Ливанда 139 отандасымыз бар.
Сурет: ашық дереккөз