Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Британияда баспана бағасы қымбаттады

Британияда баспана бағасы қымбаттады

Британияда тұрғын үй бағасы қыркүйекте қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Былтырғы жылмен салыстырғанда баспана құны 4,7 пайызға өскен. Бұл туралы Halifax консалтинг компаниясы хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, бұл 2022 жылдың қарашасынан бергі рекордты көрсеткіш.

Негізі тұрғын үй бағасының өсімі 10 ай бойы тіркеліп келеді. Бүгінде Біріккен Корольдіктегі баспана құны 293 мың фунт стерлинг немесе 383 мың доллар тұрады.

Сурет: ашық дереккөзден 
09 қазан 2024 ж. 372 0