Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салынды

Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салынды

Көрші ел президенті тиісті заңға қол қойды. Енді мұнда электронды темекі әкелгендер мен оны пайдаланғандар айыппұл арқалайды. Бұл туралы 24 kz жазды.
Жеке тұлғалар үшін оның мөлшері – 10 мың сом. Бұл біздің ақшамен 57 мың теңгеден асады.
Заңды тұлғалар 6 есе көп төлейді. Тыйым салынған затты елге алып кіргендер үшін жаза қатаң. Олар үшін ірі мөлшерде айыппұл, бір жылға дейін түзету жұмыстары, бір жыл белгілі бір іспен айналысуға тыйым салу және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Бұған дейін хаюарланғандай, Қырғызстан мен Тәжікстан ҰҚМК басшылары шекараны межелеу мәселелерін талқылады.
26 қараша 2024 ж. 436 0