Қырғызстан Премьер-Министрінің отставкаға кетуіне қатысты түсінік берді
Қырғызстан басшылығының шешімі туралы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан басшылығының министрлер кабинеті мен президент әкімшілігінің басшысын ротациялау туралы шешімі елдің серпінді өрлеуіне жаңа қарқын беріп, басқару стилін жаңарту ниетінен туындады.
Оның пікірінше, Ақылбек Жапаров ел тарихында Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы отыз жылында жинақталған барлық баға жетпес тәжірибені жинақтаған, биліктің бүкіл вертикалін толығымен қайта бағдарламалаған және қайта іске қосқан мемлекет қайраткері ретінде қалады.
— Ақылбек Жапаров жұмыс барысында ешбір жағынан абыройын түсірген жоқ. Ол Министрлер кабинетінің төрағасы және Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін таза ар-ұжданмен және басын тік тұрып, еліміздің бүкіл тарихындағы осы қызметтегі ең көрнекті жетістіктерімен тапсырып отыр», - деп түсіндірді ол.
Министрлер кабинеті басшысының орынбасары атап өткендей, Ақылбек Жапаров алысқа кетпейді. Ол ел басшысының ең жақын серігі ретінде қасында болып, халық игілігі үшін аянбай қызметін жалғастыра бермек.
Еске сала кетсек, 16 желтоқсанда Қырғызстан Премьер-Министрі отставкаға кетті.