Қырғызстан үкіметінің жаңа басшысы тағайындалды
Қырғызстанда министрлер кабинетінің жаңа төрағасы және президент әкімшілігінің басшысы болып Адылбек Қасымалиев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
18 желтоқсанда Жогорку Кенеш депутаттары Адылбек Қасымалиевті үкімет басшысы қызметіне, Данияр Амангелдиевті Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне және Бақыт Сыдықовты Экономика және сауда министрі қызметіне тағайындауға келісті. Оларды тағайындау туралы тиісті жарлықтарға Қырғыз Республикасы мемлекет басшысы қол қойды.
Еске сала кетсек, 16 желтоқсанда Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров отставкаға кетті.
Қырғызстан басшылығының шешімі туралы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Сурет: www.kaz.people.cn