Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарызға батқан әке бір жарым жасар қызын сатып жібермек болған

Қарызға батқан әке бір жарым жасар қызын сатып жібермек болған

Қытайда ер адам қарызынан құтылу үшін сәбиін сатып жіберген. Ол әйеліне қызымен бірге әжесінің үйінде болатынын айтыпты. Сөйтіп үш ай бойы түрлі сылтау айтып, қызын қайтып алып келмеген. Сонда ғана жұбайы әлденеден күдіктенген екен.
Адам саудасы үшін айыпталған Цзян артынша құмар ойындарына әуес екенін мойындапты. Алайда жолы болмай, көбіне ұтылып қалып жүрген. өткен жылдың күзінде жұмыссыз ер адамнан қарызын қайтару талап етіледі. Сол кезде ақша таппаған жас әке туған қызын сатып жіберуді ойға алады, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Осылайша, Цзян әйелі Ванға бір жасар қызын анасының үйіне алып баратынын айтқан. Ванның күйеуі мен қызына баруға мүмкіндігі болмапты, сондықтан оларға жиі қоңырау шалып тұрады. Алайда ол қызымен сөйлескісі келгенде, күйеуі түрлі сылтай айтып, қашқақтайтын болған.
Арада 3 ай өткеннен кейін әйелдің шыдамы таусылады. Ол үйдегі заттардың бәрін тексеріп, күйеуінің телефонынан басқа қалада тұратын отбасымен жазысқан хатын тауып алады. Онда ер адам қызын жалғыз өсіріп отырғанын айтып, әйелі мен ата-анасы жоқ екенін жазған. Ол туған қызы үшін 60 мың юань (3 млн 380 мың теңге) алмақ болыпты. Жас әке осындай жолмен қарызынан құтылмақ болған.
Сол күні Ван енесімен кездескен. Алайда ол Цзянның бірнеше апта бұрын қызымен бірге белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі қайтып оралмағанын айтыпты. Артынша Ван полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары жас әкені тұтқындады. Ал сәби анасына қайтарылды.
www.oinet.kz
27 наурыз 2019 ж. 964 0