Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЛ ҚОРАДАҒЫ МАСҚАРАНЫ КӨРГЕН ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫС ШЕНДІЛЕРІН ҚЫЗМЕТІНЕН ҚУДЫ (ВИДЕО)

МАЛ ҚОРАДАҒЫ МАСҚАРАНЫ КӨРГЕН ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫС ШЕНДІЛЕРІН ҚЫЗМЕТІНЕН ҚУДЫ (ВИДЕО)

Александр Лукашенко Могилевск облысына сапары кезінде осы өңірдің бірнеше жоғары шендісін, соның ішінде облыс губернаторын, Президенттің облыс бойынша көмекшісін және Шкловскі ауданының басшысын қызметінен айырды. Оған басты себеп – мал қорадағы масқара, деп хабарлайды ОНТ беларусь телеарнасы. 
Лукашенко 26 наурызда "Купаловское" агрохолдингін аралайды, бірақ ол жоспарланған бағыттан тайып, мал қораға тікесінен тартқан. Ал мал қора "кісі тамашалауға" дайын болмай шыққан. Одан бөлек ондағы малдардың да жай-күйі мәз болмапты. Ыңыршығы айналған кәрі мөшке тәлтіректеп әрең тұрғанға ұқсайды."Қарашы, мына сиыр өлейін деп әрең тұр ғой. Көрмейсің бе, ыңыршағы айналып кеткенін. Неге мұнда мені әкелдіңдер? Қолдарына кісен тақсын деп пе? Мұның Освенцим екенін түсінбейтін адамды қалай агрохолдинг басшысы қылғансыңдар? Ол не, осының бәрі дұрыс деп ойлай ма? Несін жөндейді? Бұл араны күнде, минут сайын жөндеу керек! Қора тазалайтын адам болу керек. Малдың асты үнемі құрғақ болуы тиіс!", - деп айқалады аяқ-асты мал қораға кіріп, ондағы масқараға куә болған Лукашенко.
Беларусь көшбасшысы бұл үшін шенділер қызметінен айырылып қана қоймайтынын, тіпті қылмыстық іс қозғалатынын да айтты. "Қазір қасымда қандай адамдар жүр? Бәрінің тізімін кешке дейін алдыма қойыңдар. Біреуін де қалдырмаймын. Бәрін орнынан аламын. Кінәлілердің қолына кісен салынады", - деді Лукашенко.

ult.kz
27 наурыз 2019 ж. 857 0