Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды

29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі The Hankyoreh басылымына сілтеме жасап.

    — Ұшақ кабинасындағы дыбыс жазғыштан деректерді алу аяқталды. Бүгін оларды дыбыстық файлдарға түрлендіру жұмыстары басталды. Біз бұл процесті тезірек аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді 1 қаңтарда өткен брифингте Оңтүстік Корея көлік министрлігінің азаматтық авиация департаментінің директоры Чжу Чон Ван.

Жолаушылар ұшағы апатының егжей-тегжейлерін анықтау талдау жұмыстары аяқталғаннан кейін мүмкін болады.

Сарапшылар сонымен қатар өздігінен жазатын екінші құралдың зақымдануы онда жазылған деректердің сақталуына әсер етпегенін анықтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Муан халықаралық әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырап, 177 адам қаза тапты.

Jeju Air ұшағы жексенбі күні таңертең ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Муан халықаралық әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенді. Ұшақ қоршауға соғылып, айтарлықтай шығын келтіріп, кейін өрт шығып, сөндірілді.

Сурет: ​almaty.tv​​​
01 қаңтар 2025 ж. 139 0