Гавайда отшашудан 20-дан астам адам зардап шекті
Бұл туралы The Hawaii News Now хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Ең кем дегенде екі адам қаза тапты, тағы 22 адам жарақат алды», — деп хабарлайды Гонолулу қаласының жедел медициналық көмек қызметі.
Гонолулу қаласының жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша, оқиға Солт-Лейк ауданында болды. 22 адам зардап шекті, тағы екі адам өміріне қауіпті жарақат алды.
Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде, жергілікті билік тұрғындарды көрсетілген ауданға барудан аулақ болуға шақырды.
Сурет: turkystan.kz