Аустрия канцлері отставкаға кететінін мәлімдеді
![](/uploads/posts/2025-01/1736058673_9.jpg)
- Біз ұзақ және шынайы келіссөздер жүргіздік. АСПД-мен негізгі мәселелер бойынша келісу мүмкін емес. Халық партиясы өз уәделеріне берік. Біз әлеуметтік жеңілдіктер мен бизнеске бағытталған шараларға, сондай-ақ жаңа салықтарды енгізуге келіспейміз, - деді Нехаммер.
Ол АСДП-мен келіссөздерді тоқтатып жатқанын және оны жалғастырмайтынын атап өтті.
- Федералдық канцлер, сондай-ақ Халық партиясының төрағасы ретінде мен жақын күндері кетемін, - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Аустрияда жаңа парламент сайлауы жоспарлануы мүмкін.
Желтоқсанда Бундестаг депутаттарының көпшілігі Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдады.
Ақпан айында онда жаңа сайлау өтеді.
Сурет: kaz.inform.kz