Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда аза тұту күні жарияланды

Грузияда аза тұту күні жарияланды

Грузия үкіметі 9 қаңтарды аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдады.
Грузияда аза тұту күні жарияланды

Бұл шешім Абхазияның Галь ауданының Саберио ауылында болған қайғылы оқиғамен байланысты. Оқиға салдарынан бес бала қаза тапты, деп жазды turkystan.kz.

5 қаңтарда Саберио ауылындағы Чолария отбасында болған өрт салдарынан бес бала көз жұмды. Ең кішісі әлі бір жасқа толмаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, трагедияның себебі абайсыздық. Пеш тұтатпақ болған қария бензин мен керосин құйылған ыдыстарды шатастырып алған. Салдарынан от лезде үйді шарпыды. Көршілері тек әйел адамды аман алып қалды. Ол қазіргі уақытта Кутаисиде емделуде.


Ақпарат көзі: ​turkystan.kz​​​
Сурет: ​www.paryz.kz​​​
09 қаңтар 2025 ж. 73 0