Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгерді
Елде жедел тариф бойынша 24 сағат ішінде электронды визалар беру рәсімі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Қырғызстанға іскерлік, туристік немесе басқа да жеке мақсаттармен баруды жоспарлап отырған шетел азаматтары үшін 22 қаңтардан бастап бір реттік немесе көп мәртелікпен 90 күнге дейінгі мерзімге «Сапар визасы» («J» түрі) енгізіледі. Бұл ретте бұрын қолданыста болған «іскерлік», «туристік», «тау туризмі» визалық санаттары жойылады.
Жаңалықтар 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап «Электрондық виза» порталында қолжетімді болады.
Бұған дейін 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап елде шетелдіктерді визасыз тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енгенін жазған болатынбыз.
Елде шетелдік студенттерге университет ректорларының жеке жауапкершілігі артты.
Өзбекстан мен Қытай визасыз режим орнатуға мүдделі.
Сурет: kaz.inform.kz