Үш қызды өлтірген қанішер 52 жылға сотталды
Ұлыбританияның Саутпорт қаласында жасөспірім Аксель Рудакубана үш қызды өлтіргені үшін 52 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sky News телеарнасының хабарлауынша, жасөспірім пышақпен би студиясына кіріп, қыздарға шабуыл жасаған. Ол жәбірленушілердің бірінің мәйітінің жанында тұрған жерінде ұсталған.
Кейін оның электронды құрылғыларын талдау барысында зорлық-зомбылық пен геноцидтік идеяларға әуес екені анықталған.
Анықталғандай, жас жігіт 13 түрлі бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Рудакубана шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін тек 52 жылдан кейін бере алады.
Айта кетейік, судья сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмаған, өйткені ол қылмыс жасаған кезде небәрі 17 жаста болған.
Ал, сот үкімі жарияланған кезде сотталушының өзі сот отырысына қатысқан жоқ, өйткені ол бұған дейін өзін нашар сезінемін деп айқайлап, процесті бұзбақ болған.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай