Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан президенті үшем дүниеге келген отбасыға ерекше тосынсый жасады

Өзбекстан президенті үшем дүниеге келген отбасыға ерекше тосынсый жасады

Бұқаралық отбасыда үшем дүниеге келді, көпбалалы ата-ана сәбилерге қазіргі президенттің құрметіне Шавкат, Миромон және Мирзие деген ат қойыпты.  Осы жағдайдан кейін көп ұзамай отбасы жаңа Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілтін алды.  
Сонымен қатар, билік отбасыға үш балаға арналған бесік арба алып берді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.  
Айта кетейік, бұл президент Шавкат Миромонұлы Мирзиёевтің аты-жөні қойылған алғашқы үшем емес. Сондай-ақ Әндіжанда үшемнің әкесі оларға Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Абдуғаниұлы Кәрімовтың құрметіне Ислам, Абдуғани және Кәрім деген есімдер берген.   
sputniknews.kz

31 наурыз 2019 ж. 1 375 0