Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір үшем дүниеге келді. Кентауға жақын жерде орналасқан Құсшы ата ауылының тұрғыны Фатима, Зухра және Хурсан есімді балаларды босанды. Нәрестелер ағымдағы жылдың 18 ақпанында туылғанымен, олардың салмағы аз болғандықтан әлі күнге дейін Түркістан қаласындағы балалар ауруханасында жатыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.


Дәрігерлердің айтуынша, Зухра мен Хурсанның жағдайы қанағаттанарлықтай. Ал Фатиманың салмағы 1 келіден аз болғандықтан дәрігерлердің бақылауында.
Таяуда екі қыз бен бір ұлдың анасы Ділфуза Шамшиеваны Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Ахметов құттықтап келген болатын. Ол үшемді дүниеге әкелген анаға тілектер айтып, Түркістан әкімінің атынан сыйлық ұсынды.
Айта кетейік, 33 жастағы Дільфузаның үшемнен басқа тағы бес баласы бар. Қазір енді ол сегіз баланың анасы атанды. Оның күйеуі Кентау трансформатор зауытында жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Фатима, Зухра және Хурсан бұл жылдың басынан бері Оңтүстік Қазақстанда туылған үшінші үшем. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста жылына орта есеппен 7-8 үшем дүниеге келеді екен. Түркістан, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары  туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.
stan.kz
06 сәуір 2018 ж. 1 759 0