Страдиваридің скрипкасы аукционда рекордтық бағаға сатылуы мүмкін
1714 жылы атақты Антонио Страдивари жасаған скрипка бұрын-соңды сатылған ең қымбат музыкалық аспап болуы мүмкін. Ол осы жұмада Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында сатылады.
Аукцион үйі «Joachim-Ma Stradivarius» скрипкасының құнын 12-18 млн долларға бағалап отыр.
Sotheby's-тің Aмерикадағы президенті Мари-Клаудиа Хименес Страдивари бұл скрипканы шамамен 1700 жылы басталған және оның шеберлігінің жақсаруымен ерекшеленетін «алтын кезеңінде» жасағанын айтты.
- Бұл – оның шығармашылығының шыңы. Бұл сол дәуірдің ең жақсы скрипкасы, - деп атап өтті Хименес.
Sotheby's атап өткендей, скрипка таңғажайып күйде сақталған, ал оның иелерінің тарихы ерекше.
Скрипканың екі атақты иесі - Мажарстанның океремет скрипкашысы Джозеф Йоахим (1831–1907) және Қытайда туып, 1948 жылы АҚШ-қа қоныс аударған Си-Хон Ма (1926–2009).
Гиннестің рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, қазіргі уақытта аукционда сатылған ең қымбат музыкалық аспап – бұл Страдиваридің тағы бір скрипкасы, 1721 жылы жасалған «Lady Blunt». Ол 2011 жылы 15,9 млн долларға сатылды.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz