Қытайда жер сілкінді

Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес зілзала бір күнде екі рет болған.
10 шақырым тереңдікте тіркелген зілзала магнитудасы 5 балға дейін жетті. Дүмпу елдің солтүстік-батысындағы бірнеше қалада сезілген. Қазір табиғи апат ауданына Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен жедел құтқару жасақтары жөнелтілген.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы мәлімет әлі жарияланған жоқ.
Сурет: egemen.kz