Украинадағы сайлаудың нәтижесі белгілі болды

Украинадағы сайлауда Владимир Зеленский 30,4 пайыз дауыс алып, бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарда Петр Порошенко , — 17,8, Тимошенко — 14,2, Бойко — 9,8 пайызбен халықтың қолдауына ие болды.
Айта кетер бір жайт, Украинадағы президенттік сайлаудың бірінші туры 31 наурыз, жексенбі күні өткені белгілі. Exit-сауалнамасына сәйкес, үміткерлердің бірде-бірі дауыс берудің 50 пайыздан астамын жинай алмады. Енді екінші турдағы бәсекелестікте Владимр Зеленский мен қазіргі президент Петр Порошенко бақ сынайтын болады. Ал қайсысы жеңеді? Оны алдағы уақыт көрсетеді.