Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекияда жаңа президент сайланды

Грекияда жаңа президент сайланды

Грекия парламенті "Жаңа демократия" билеуші консервативті партиядан кандидат, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Kathimerini" басылымына сілтеме жасап.

К. Тасуласты сайлау биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың құзіреті 13 наурызда аяқталуына байланысты парламентте төртінші рет дауыс беру арқылы өтті.

Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттің 300 мүшесінен 276-сы қатысты. Кандидат 151 дауыс жинағаны белгілі болды.

Парламенттегі 300 орынның 156-сы билеуші "Жаңа демократия" партиясының депутаттарына тиесілі.

Президентті ұлықтау рәсімі биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың билеу мерзімі бітетін күн – 13 наурызға жоспарланған.

Грекияда президент жалпы дауыс беру арқылы емес, парламент бес жылға сайлайды.

Фото: baq.kz
14 ақпан 2025 ж. 111 0