Зеленский келіссөзге қамданып жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен АҚШ пен Еуропаның мәмілегерлік пәтуасынан кейін ғана кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.61-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясының аясында ұйымдастырылған қауіпсіздік мәселелерінің панельдік пікірталасында Украина басшысы Путиннің келіссөзге келісетініне күмәнмен қарайтынын жеткізді.
Алайда алда-жалда ол келіссөз бола қалса, Украина өзінің батыстық серіктестері, яғни Еуропа және АҚШ-пен бірлескен шешім қабылдап үлгеруі қажет екеніндігін қосты.
Фото: egemen.kz









