Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Владимир Зеленский РФ Президентінің ұсынысына келісімін берді

Владимир Зеленский РФ Президентінің ұсынысына келісімін берді

Украина Президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путиннің ұсынысына келісімін берді және ол атысты тоқтату мен бейбтшілік туралы келіссөз жүргізуге дайын. Украина Президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, қазіргі таңда келіссөздер өтетін орын мен оның уақыты белгіленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Украина келіссөздер жүргізуден бас тартты деген ұғымды жоққа шығару керек болып тұр. Украина әлемде атысты тоқтату мен бейітшілік туралы сөйлесуге дайын екендігін мәлімдеп келген, әлі де солай болып қала бермек. Бұл біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз РФ Президентінің ұсынысына келістік»,-деп жазды Сергей Никифоров жұма күні өзінің Facebook парақшасында.
«Осы уақытта келіссөздер жүргізілетін орын мен оның уақыты келісіліп жатыр»,-деп жазды ол.
«Келіссөздер неғұрлым ерте басталса, қалыпты өмірге соғұрлым ерте ораламыз».
Осыған дейін Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Минскіге Ресей делегациясын жіберуге дайын екенін мәлім еткен болатын.
Кешірек Песков Украина тарапының келіссөздерді Беларусь астанасында жүргізу туралы ұсынысқа оны Варшавада өткізу туралы айтып, кейін байланысты үзгендігін айтты.
Ресей Президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс мемлекеттері көмек сұраған соң Украинада арнайы әскери операция жүргізетінін жариялаған болатын.
Ол Украина аумақтарын окупациялау Мәскеудің жоспарына кірмейтінін, операция жүргізудегі мақсат елді демилитаризациялау екенін ескертті.
РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскер қалаларға соққы жасамайды, олар тек Украинаның әскери инфрақұрылымын істен шығаруды көздеп отыр. Сондықтан бейбіт тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

kyzylorda-news.kz
26 ақпан 2022 ж. 1 929 0