Зеленский Тоқаевпен не жөнінде келіскенін айтты

"Тоқаевпен сөйлестік. Аймақтағы қауіпсіздікке қатысты ауыр жағдайды талқыладық. Біз гуманитарлық мәселелер бойынша ынтымақтастық жүргізуге келістік. Байланыста қала береміз", - дейді Зеленский.
Айта кетері, бұған дейін Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Оған Украина тарапы бастамашы болды.
"Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөз барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты", - делінген ресми хабарламада.
Екі елдің басшылары гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
sputnik.kz