Жол апатынан қаза тапқан әйел босанды
Өзбекстанда жол апатынан қаза тапқан әйел адамның сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Nova24 таратқан ақпаратқа сәйкес, әйел адам биологиялық өлім күйінде болған.
Дәрігерлер жол-көлік оқиғасына ұшырап, көз жұмған әйелдің жатырындағы баланы құтқарып қалды.
Дәрігерлердің айтуынша, Наманган облысының Чустск ауданында жол апатынан соң жергілікті ауруханаға жүкті әйел биологиялық өлім күйінде жеткізілген.
Әйелдің туыстары оның жүктіліктің тоғызыншы айында екенін айтқан. Дәрігерлер ұрықты тексеріп, баланың жүрегі әлсіз болса да соғып жатқанын көрген соң шұғыл түрде ота жасаған.
Бала кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Қазіргі таңда баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай