Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде көлік аялдамада тұрған отыздан астам адамды қағып өтті

Израильде көлік аялдамада тұрған отыздан астам адамды қағып өтті

Израильде автокөлік бір топ адамды басып өтіп, оннан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Times of Israel басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, автокөлік елдегі Пардес-Хан-Каркур ауданындағы автобус аялдамасында бір топ адамды басып өтпек болған. Салдарынан отыз адам жараланды.

17 жастағы бойжеткеннің ауыр жағдайда, тағы екі адамның аса ауыр жағдайда екендігі айтылуда.

Полиция Каркурдағы жол бойындағы адамдарды қағып өткен 53 жастағы палестиналықтың ұстау барысында өлтірілгенін растады. Деректерге сүйенсек, Израильде тұрған Иордан өзенінің солтүстік жағалауынан шыққан палестиналық осы елдің азаматына үйленген. Билік оқиғаны әскери шабуыл деп атады.

Газа секторында соғыс басталғалы әскерилердің израильдықтарға шабуылы жиілдеген.


Фото: Нұрболат Нұржаубай
28 ақпан 2025 ж. 50 0