Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Украинаға енді Ұлыбритания қолдау білдіретін болды

Украинаға енді Ұлыбритания қолдау білдіретін болды

Ұлыбритания Украинаға 2,26 миллиард фунт стерлинг (1 триллион 419 миллиард 99 миллон теңге) беретін болды. Келісімге Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко мен Ұлыбритания қазынасының канцлері Рэйчел Ривз қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн режимде өткен қол қою рәсіміне қазір Лондонда жүрген Украина президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер қатысты.

"Несие жабылған ресейлік активтерден түсетін кіріс есебінен өтеледі. Қаржы 30 жылға беріледі. Жиналған қаражат украиндық тараптың қажеттілігіне сәйкес қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады", – делінген Украина Қаржы министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

    Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атап, елін сақтап қалғысы келсе тез соғысты тоқтатуды талап етті

    Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау үшін Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді

Ұлыбритания премьер-министрі Украина президентімен кездесуден кейін Дональд Трамппен, Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Дегенмен әңгіменің мазмұны берілмеді.

Фото: stan.kz
02 наурыз 2025 ж. 71 0