Өзбекстанда заңсыз байлыққа кенелгендерге жаза енгізу ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық кеңестің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Өзбекстан басшысы шенеуліктердің кірісін декларациялау заңын қабылдаудың уақыты келгенін айтты.
Осыған байланысты Шавкат Мирзиёев жауапты ведомстволарға қысқа мерзімде заң жобасын қоғамдық талқылауға шығаруды тапсырды. Құжат депутаттардың қарауына 1 сәуірге дейін енгізілуі керек.
— Заңсыз байлыққа кенелгендерді жауапқа тарту мәселесін қарастыру қажет. Осы орайда, заңнамаға тиісті бап енгізуді ұсынамын. Яғни, мемлекеттік қызметші өзінің декларацияланған кірісіне сай келмейтін мүліктің қайдан алынғанын дәлелдеуі тиіс, — деп атап өтті Өзбекстан президенті.
Тоқтала кетейік, мемлекеттік қызметшілердің кірісін декларациялау туралы заңды қабылдау 2022 жылдан бастап жоспарланып келеді.
Фото: kaz.inform.kz