Қазба байлықтарын өндіруге мерзімсіз мораторий енгізіледі

Өзбекстанның Әділет министрлігінен мәлім еткендей, биыл 1 мамырдан бастап Сырдария өзенінің арнасында кен материалы болып саналмайтын қазба байлықтарын (қиыршық тас, құрылысқа қажетті құм, керамзит және т.б – авт.) өндіруге мораторий енгізіледі. Бұған қоса, оларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға залал келтіргендерге қатысты қолданылатын жаза күшейеді.
Ведомство ақпаратына сай, Сырдария өзенінің жағалауындағы ластанған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Еске сала кетсек, Сырдария өзені бассейніндегі судың сапасын бақылау, ластанудың себептерін анықтау және олардың әсерін азайту жөніндегі былтыр Астанада Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының отырысында талқыланған еді.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз