Сырдария өзені бойындағы ахуал қандай?

Алдағы уақытта «Шардара» су қоймасынан төмен қарай 200 текше метр су жіберіледі деп күтілуде. Осыған орай, жұмысшы топ дария бойын аралап көрген соң, мол суды қауіпсіз өткізу және Кіші Арал теңізіне жіберу мақсатында атқарылатын тиісті жұмыстарды пысықтады. Қазіргі таңда Сырдария өзені бойындағы ахуал тұрақты.
Мұнымен бірге, жұмысшы топ мүшелері аудан көлемінде тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан Қулы, Ақшақыз, Жаңақұрылыс, Ералы, Сарытерең каналдары мен «Ақлақ» су тоспасының жағдайын бақылап өтті.