Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сыр бойындағы елді мекендерді аралап, бірнеше ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Қаратерең, Қарашалаң, Бөген елді мекендеріне жасаған сапары барысында аудан басшысы алдымен «Ақлақ» су тоспасында болып, аудан аумағынан өтіп жатқан дария бойындағы жағдайды бақылады. Одан соң есепті кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер - «Сағымбай» каналына салынған су тоспасының және «Ақбілек» көлінің жағасындағы қорғаныс бөгеттеріне жүргізілген қойтаспен бекітілу жұмыстарымен және «Баян» каналында жүргізілген канал арнасын тазарту, кеңейту жұмыстарымен танысты.Дария бойындағы қазіргі ахуалды көрген соң өзенде қалыптасқан жағдайды қатаң бақылау жөнінде жауапты мамандарға тиісті тапсырмаларды жүктеді. Қазіргі таңда дариядағы су мөлшері қалыпты деңгейде.
Сапар барысында аудан әкімі елді мекендердегі білім беру нысандарына бас сұғып, мектеп ғимаратында ауыл ардагерлерімен жүздесіп, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылады.
07 желтоқсан 2019 ж. 1 196 0