Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда әлемдегі ең кішкентай саябақ пайда болды

Жапонияда әлемдегі ең кішкентай саябақ пайда болды

Аталған фактіні Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері растады. Саябақ 1988 жылы ашылған. 

Ерекше идея АҚШ-қа сапарында сол кездегі Орегон штатындағы ең кішкентай саябақ Mill Ends-ті көріп, өз қаласында жаңа рекорд орнатуға шешім қабылдаған жергілікті тұрғынға тиесілі. 

Саябақ аумағы бұрын бос кеңістік болған жолдардың қиылысында орналасқан. Қазір онда бір адамға арналған шағын орындық, кішкене ғана шөп пен кіреберіс алаңы бар. 

Бұл жер суретке түсуді ұнататын туристер арасында танымал. Ол 2024 жылдың 25 желтоқсанында қалалық саябақ ресми мәртебесін алды.

Бұған дейін Алматы зообағы 2028 жылы жаңартылып бітетінін жазған болатынбыз. 


Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ​kaz.inform.kz​​​
05 наурыз 2025 ж. 57 0