АҚШ ресми түрде USAID бағдарламаларының 83%-ын жабады

«Ақ үй енді жоятын 5200 келісімшарт шеңберінде ондаған миллиард доллар АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне сәйкес жұмсалмағаны, ал кейбір жағдайда тіпті кері әсерін тигізгені анықталды», деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы Рубио Х әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, Конгреспен жүргізілген консультациялардан кейін қалған шамамен 1000 бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің тікелей басқаруына өтеді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін USAID басшылығында алдағы уақытта өзгерістер болатынын мәлімдеген еді. «Бұл агенттікке бір топ радикалдар-бассыздар басшылық етеді. Біз оларды жұмыстан босатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз», деген болатын Трамп.
USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард доллар.
Фото: egemen.kz