Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неапольде жанартау оянып, жұрт жаппай көшуге дайын

Неапольде жанартау оянып, жұрт жаппай көшуге дайын

Неапольде жанартау атқылау қаупіне байланысты жұртты жаппай эвакуациялауға дайындауда. Жақында болған 4,4 балдық жер сілкінісінен кейін аймақта әлемдегі ең қауіпті жанартаулық аймақтардың бірі саналатын Флегрей өрістері белсенді бола бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ықтимал қауіпке жауап ретінде Италияның Азаматтық қорғаныс министрлігі ұлттық жұмылдыру режимін жариялады.

Біз бұдан әрі жер асты дүмпулері болған жағдайда сақ болу үшін барлық ықтимал нұсқаларды қарастырудамыз, - деді министр Нелло Мусумечи.

Жағдай ушығып кетсе, үкімет күл, тас және ыстық газ көшкінінің қауіпті салдарын болдырмау үшін үш күн ішінде 500 мыңға жуық адамды шұғыл эвакуациялауды жоспарлап отыр.

Билік жанартау белгілері байқалса, халықты алдын ала ескертуді жоспарлауда. Эвакуациялау үшін қауіпті аймақтан тыс жерде адамдар автобус, пойыз, кеме және ұшақпен тасымалданатын жинау пункттері қарастырылған.

Айта кетейік, 13 наурызда Неапольде соңғы 40 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды.

Фото: baq.kz

17 наурыз 2025 ж. 58 0