Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасы тастап кеткен. Бір жасар баланы көршілері үш күннен кейін тауып алды

Анасы тастап кеткен. Бір жасар баланы көршілері үш күннен кейін тауып алды

Әзербайжанның Товуз ауданында анасы жалғыз қалдырып кеткен бір жасар бала табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігінің мәліметінше, баланың анасы жалдамалы үйде тұрып жатқан. Ол үш күн бұрын белгісіз жаққа кетіп, баласын үйде жалғыз қалдырған.

Абырой болғанда баланы көршілері тауып, оны бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, балаға медициналық көмек көрсетілген, қазір оның өміріне аса қауіп жоқ.

ІІМ-нің Гянджа өңірлік тобының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай туралы Товуз аудандық полиция бөліміне ақпарат түскен.

Полиция қызметкерлері баланың анасы аудан аумағындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтінін анықтаған. Полиция әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін сәбиді өзіне қайтарды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
21 наурыз 2025 ж. 41 0