Иранда қуатты жер сілкінісі болды
Иранның Исфахан провинциясындағы Бадруд және Натанза аудандарында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайында Исфахан облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры «Тәуелсіз Иран» Telegram-арнасы арқылы мәлімдеген.
Оқиға орнына Қызыл Жарты Айдың үш тобы дереу жіберілген.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Фото: turkystan.kz.