Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Aвиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырады

Aвиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырады

22 наурызда Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен West Coast Air Show авиашоуы кезінде ұшақ көрермендердің көз алдында апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky News-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ бүкіл ұшу барысында толық бақылауда болған. Алайда, соңғы маневрлердің бірінде кенеттен биіктігін жоғалтып, жерге құлаған.

Ұшақты тәжірибелі ұшқыш-сынақшы Джеймс О’Коннелл басқарған. Өкінішке қарай, ол апат кезінде қаза тапты.

Оқиға орнына дәрігерлер екі минут ішінде жеткенімен, сол сәтте ұшақтың қалдықтары түгелдей өртке оранған.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: baq.kz
23 наурыз 2025 ж. 169 0