Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырады

Оқиға орнына келген құтқарушылар аман қалғандарды таппаған. Шериф кеңсесінің хабарлауынша, жергілікті билік бортта қанша адам болғанынан хабарсыз. Жерде қаза тапқандар жоқ. Ұшақ жергілікті әуеайлаққа қонуы керек болған, алайда шамамен 19:00-де апатқа ұшыраған. АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) апат туралы хабар алған, тергеу жүргізіледі. Ұшақ ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.
inform.kz