АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

Федералдық авиация әкімшілігі хабарлағандай, Beechcraft C23 ұшағы Файеттевиль әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Мемлекеттік полиция қызметкері Р.А. Мэдди журналистерге ұшақтың сынықтары Чарлстоннан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде, Лансинг ауылындағы сарайдың маңынан табылғанын айтты.
Факті бойынша тергеу жүргізілуде.