АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

АВС телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, оқиға Техас штатында, Хьюстоннан батысқа қарай орналасқан Уоллер округінде болды. Ұшақ далалы алқапқа құлаған. Барлық жолаушы эвакуацияланып үлгерген, 2 адам зардап шеккен. Апат орнынан түсірілген видеода өрт тұтанғанын және әуе кемесінің корпусы толығымен қирағанын көруге болады. McDonnell Douglas MD-87 ұшағы Бостонға бет алған. Мән-жайды анықтаумен FAA және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысады.