Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда жер сілкінді

Қытайда жер сілкінді

Қытайдың солтүстігіндегі Ланфан аймағында 4,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ошағы 20 шақырым тереңдікте анықталған. Зілзала әсерін Бейжің, Дасин, Фэнтай, Тунчжоу және Хайдянь қалаларының тұрғындары сезген.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ. Үкімет тарапынан қала тұрғындарына алдын ала хабарлама жіберілген.

Қазір мамандар зілзаладан келген шығынды анықтау жұмыстарына кірісіп кетті.

Фото: egemen.kz

27 наурыз 2025 ж. 197 0