Қыздың мінезі қан тобына байланысты

ІІ топты қан тобына жататын қыздар аса инабатты, ұяң, қамқор, нәзік болады. "Сүйем, күйем" дегендерге сене бермейді, өзі де бұл сөзді сирек айтады. Ал жігіт қызға бар махаббатын соңына дейін дәлелдесе, бұл жігітті бақытты ету арқылы, қыз өзі де бақытты болады. Әлемдегі ең сенімді әйел екінші қан тобындағы қыздардан шығады.
Қаны ІІІ топқа жататын қыздар көбіне өзі туралы жазылған ой-пікірге келіспейді. Себебі зерттеуші ғалымдар оларды жігітпен сөйлескен кезде өзін әлемдегі ең әдемі қыз ретінде көрсетеді әрі жеңіл жүріске жақын болады дейді. Ал шын мәнінде олар жарына аса адал болады. Ал "Үйде кім басшы?" деген сұраққа бұл қыздар өзін ғана көрсетеді.
IV қан тобында туған қыздар өз бағасын жақсы біледі, сол себепті жігіттерге де жоғары талаптар қояды. Мансап пен ақшаға қарағанда махаббатты, отбасыны бірінші орынға қоятын бұл қыздардан ең жақсы ана, ең сүйікті де ақылды жар шығады. Ал сіздің қан тобыңыз қандай?
massaget.kz