Үндістандағы жарылыстан 18 адам қаза тапты

Жарылыс салдарынан 18 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алған.
Зардап шеккендердің көпшілігі ауыр күйік алғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Құтқару жасағы оның ішінде аудан әкімдігінің өкілдері мен өрт сөндірушілер үйінді астынан мәйіттерді шығарып жатыр.
Бұған дейін жергілікті билік оқиға орнынан 13 мәйіт табылғанын хабарлаған еді.
«Нәтижесінде ғимараттың төбесі түгел опырылды. Оқиға орнынан 13 адамның мәйіті шығарылды. Үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жағдайды бағалаудамыз. Төрт адам зардап шекті, оның екеуі Дисадағы азаматтық ауруханаға, қалған екеуі Палампурдағы азаматтық ауруханаға жөнелтілді», делінген хабарламада.
Фото: egemen.kz