Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиланд шетелдік туристер үшін арнайы сауалнамалар енгізбек

Таиланд шетелдік туристер үшін арнайы сауалнамалар енгізбек

1 мамырдан бастап Таиланд Корольдігі шетелден келген демалушылар үшін арнайы онлайн-сауалнамаларды енгізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таиландтың иммиграциялық полициясының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 1 мамырдан бастап шетелдік туристер елге келгені туралы хабарлау үшін онлайн-сауалнаманы толтыруға міндеттеледі. Таиландтың иммиграциялық бюросы саяхатшылардың елге кіруін жеңілдету үшін сандық келу картасын (TDAC) енгізді.

    «Таиланд Корольдігіне келетін барлық шетелдік азаматтар елге кірер алдында TDAC онлайн-сауалнамасын толтыруы қажет», - делінген хабарламада.

Жеке мәліметтерді толтырғаннан кейін иммиграциялық бюро электронды поштаға хат жібереді, оны келген кезде көрсету қажет. Полиция өкілдері TDAC толтыру міндетті екенін атап өтті. Оны толтырмай, елге кіруге рұқсат етілмейді.

Фото: baq.kz

05 сәуір 2025 ж. 91 0