Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдіктерді тіркеу тәртібі өзгерді

Шетелдіктерді тіркеу тәртібі өзгерді

Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Қамитбеков «Шетел азаматтарын тіркеу рәсімдерін жеңілдету» тақырыбы бойынша негізгі сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Енді шетелдіктерді тіркеу ұғымы толығымен жойылады.
Олар 30 күнтізбелік күн тіркелусіз елде болуы мүмкін. Шекарада бұрын болған көші-қон картасын толтырудың қажетті жоқ. Көші-қон карталары айналымнан толық алынады. Бұл дегеніміз, Қазақстанға кіру кезінде шетелдік азамат шекаралық бақылау орнында 30 күнге дейін есепке автоматты түрде қойылады, оның паспортында елге келу күнін белгілейтін күні-мөртаңба қойылады.
Бұл ретте шетелдіктің полицияда тіркелу сияқты міндеті жоқ. Осы міндеттер заң бойынша қабылдаушы тарапқа жеке және заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл ретте қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келгені туралы 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті.
Хабардар етудің үш жолы бар
Визалық көші-қон порталы арқылы
Электрондық үкімет порталы арқылы. Егер Сіз осы жолды таңдасаңыз, онда қабылдаушы тарапқа электрондық цифлық қолтаңба жеткілікті.
Сондай-ақ, жазбаша хабарлауға болады.
Бұл үшін қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келгені туралы жазбаша хабарлай отырып көші-қон қызметіне жүгінеді.
Өтініш еркін нысанда жазылады.
Қазақстан Республикасына визалар бойынша келетін шетелдік азаматтарда жеке есепке тұрудан босатылады, сондықтан визаның өзі елде уақытша тұруға рұксаты бар.
- 30 күн елде болған соң шетелдік не істеу керек?
Егер шетелдік рұқсат етілген елде 30 күннен асып, қалуға ниет білдірсе /жұмысқа,оқуға,емделуге т.б/, онда ол уақытша тұруға рұқсат (орысшасы РВП) ала отырып, өзінің болу мерзімін ұзарта алады, ол оған елде бір жылға дейін болуға құқық береді. Бұл - ең ұзақ мерзімі.
Еңбек қызметіне рұқсат (заңдастыру), жергілікті атқарушы органдар берген рұқсат, оқу немесе медициналық мекеменің қолдаухаты- шетелдіктің уақытша тұруға рұқсат (УТР) алу үшін негіздері болып табылады.
Шетелдік азамат қабылдаушы тараптың өтініші бойынша ғана уақытша тұруға рұқсат (УТР) алатын болады.
-Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне, сондай-ақ, көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 517 , 518 және 519 баптарына сәйкес шетелдік азаматтың, қабылдаушы тараптың жауапкершілігі қарастырылған.
Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың ел аумағына келгені туралы көші-қон қызметіне хабарламағаны үшін және шетелдікке уақытша тұруды тіркеуді рәсімдемегені үшін жауапты болады.
10 қаңтар 2020 ж. 754 0