Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай АҚШ-тың шешіміне жауап берді: Салық тағы көтерілді

Қытай АҚШ-тың шешіміне жауап берді: Салық тағы көтерілді

12 сәуірден бастап Қытай АҚШ-тан келетін барлық тауарларға салынатын кедендік баж салығын 84%-дан 125%-ға дейін арттыратынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Euronews-тің хабарлауынша, бұл жаңа мөлшерлеме АҚШ-тың қытайлық импортқа енгізген “жауапты” тариф деңгейіне сәйкес келеді. Дегенмен, Бейжің бұған дейін өз тарапынан баж салығын көтермейтінін мәлімдеген болатын.
Қытайдың Қаржы министрлігі жариялаған мәлімдемеде былай делінген.

Тіпті АҚШ тарифтерді одан әрі көтеретін болса да, оның экономикалық мағынасы қалмайды. Бұл әрекеттер жаһандық экономика тарихындағы анекдотқа айналады. Қазіргі деңгейдегі тариф жағдайында Қытай нарығы америкалық тауарларды қабылдай алмайды. Егер АҚШ цифрлармен ойнап, тарифтік ойындарын жалғастыра берсе, Қытай оны елемейді. Алайда АҚШ Қытайдың мүддесіне шындап зиян келтіре бастаса, біз шешімді түрде қарсы әрекет етеміз және соңына дейін күресеміз, - делінген.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь да пікір білдіріп, Бейжіңнің сауда соғысын қаламайтынын, бірақ ондай текетірестен қорықпайтынын айтты.

Егер АҚШ диалог арқылы мәселені шешкісі келсе, онда ол шектен тыс қысымды тоқтатып, ойланбай жасалған әрекеттерден бас тартуы тиіс. Мұндай тәсілдер бізге әсер етпейді, – деді Линь Цзянь.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
11 сәуір 2025 ж. 159 0