Мьянмада тағы жер сілкінді
Сейсмикалық белсенділік 13 сәуірде дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша 02:24-те (Астана уақыты бойынша 08:24-те) тіркелген.Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмадағы халық саны шамамен 1,2 миллион адам болатын Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 92 шақырым жерде орналасқан. Бұл – елдегі екінші ірі қала.
Сондай-ақ, зілзала халық саны 177 мың адам болатын Мейктила қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.
Ақпарат көзі: massaget.kz
Фото: massaget.kz










