Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адамдар жарын қалай таңдайды?

Ер адамдар жарын қалай таңдайды?

Ер адамдардың көпшілігі жар таңдағанда арнайы тізім жасап, нақты талаптар жайлы аса ойланбағанмен, бейсаналы түрде бірінші кезекте, анасына немесе сүйікті ұстазына ұқсайтын қыз іздейді. Махаббат сыртқы келбетке, жас айырмашылығына немесе ақылға қарамайды. Әр адам әртүрлі және әркімнің өз талғамы болғанымен, ер адамдар жар таңдарда жиі мән беретін кей шарттар бар.
Өзін-өзі жақсы көру Ерлер өз-өзін жақсы көретін, бағалайтын және құрметтейтін әйелдерді таңдайды. Өзіне қамқор болмайтын әйел басқаны да сүйе алмайды. Мұндай әйелдер өмірлік жарын, сүйіктісін іздеп тапқанда бәрі жақсы болады деп ойлайды. Ал негізінде, олар ер адамның көмегімен өзіне деген сүйіспеншілік жетіспеуінің орнын толтырғысы келеді. Алайда әйел өзін жақсы көрмейінше ол орынды махаббатпен толтыру мүмкін емес. Мұндай қарым-қатынас үнемі ренішті, наразылықты анықтаумен болады. Өзін жақсы көрмейтін әйел ішіндегі барлық негативті, бала кезіндегі реніштерін (мысалы, әкесінің махаббаты жетіспеген қыз) және басқа да наразылықтарын ер адамға жібереді. Сондықтан, бірінші кезекте өзіңізді жақсы көруді, құрметтеуді үйреніп, болмысыңызды қабылдаңыз.
Табиғилық Ер адам әйелдің өзін-өзі жақсы көретіндігін бірінші кездескеннен-ақ көре алады. Өзін жақсы көретін әйел барынша табиғи болуға (мысалы, ернін үлкейтпейді және т.б) тырысады. Мұндай әйел сұлулықтың тұрақсыз екенін және әркімге сұлулық өзінше бір түсінік екенін біледі. Олар қандай да бір стандартқа сай болуға тырыспайды. Олар үшін бірінші кезекте, денсаулыққа, теріге күтім жасау маңызды және ыңғайлы, өзіне үйлесетін стильді ұстанады.
Ішкі сұлулық пен үйлесімділік Бақыт – адамның ішкі жан дүниесі, аданың өз-өзімен үйлесімділікте болуы. Әрине, бұл қалай болса солай киініп, сыртқы келбетке тіптен мән бермеу керек деген сөз емес. Адамның ішкі жан дүниесі әдемі болса, ол адам сырттай да ұқыпты, ыңғайлы әрі жарасымды киініп жүреді.
Айналадағылармен жақсы қарым-қатынаста болу Ер адам әйелдің айналасындағы адамдарымен және өзінің ата-анасымен, достарымен қарым-қатынасына мән береді. Себебі ол өз жақындарын сыйламайтын, жаны ашымайтын әйел оның да жақындарына солай қарайтындығын түсінеді. Жақындары мен сүйіктісі бірден тіл табысып кетсе, ер адамға одан артық ештеңе керек емес.
Тыңдай білу Кез келген адамға өзін тыңдай білетін адаммен сөйлескен ұнайды. Ал ерлі-зайыптылар арасында бір-бірін тыңдай алуы, бір-бірінің проблемасына немқұрайлы қарамауы өте маңызды. Сондықтан ер адам әйел таңдауда өзін тыңдай алатындығына, сөзін бөлмейтіндігіне және кеңесіне құлақ түретіндігіне мән береді.
Тамақ пісіре білу Көптеген ерлер үшін әйелдің тамақ пісіре білуі – бақытты отбасының міндетті шартының бірі. Алайда, әйелі тамақ пісіре алмаса да бақытты өмір сүріп жүрген отбасылар бар. Ерлер әйелдің дәмді тамағын өздеріне деген махаббаты ретінде қабылдайды. Оның нақты немен байланысты екені белгісіз, бірақ баласы өсу үшін және мықты болу үшін анасы дәмді тамақтар беріп, өз қамқоры мен сүйіспеншілігін солай көрсетуімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан әйелдің сүйіктісіне дәмді тамақ пісіргісі келуі – маңызды параметр. Ер адам бастысы, жан дүниесіне жақын, көзқарастары ұқсайтын, әрдайым жанында жүруге дайын, өзін сезетін әйел таңдайды.

09 сәуір 2019 ж. 1 382 0