Индонезия мен Грекияда қуатты жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық белсенділік Суматра аралының жағалауында тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Палембанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 295 шақырым жерде, ал тереңдігі 55 км болған. Бұл қалада шамамен 1,4 миллион адам тұрады.
Қиратулар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
Сондай-ақ, Грекияның Крит аралы маңында да қуатты жер сілкінісі тіркелді. Оның күші 6,1 баллды құрады, эпицентрі 75 км тереңдікте болған.
Бұл жағдайда да зардап шеккендер немесе инфрақұрылымға зақым келуі туралы ақпарат түскен жоқ.
Сейсмологтар бұл оқиғалар бір-бірімен байланыссыз екенін айтады, алайда бұл – Жер шарындағы сейсмикалық белсенділіктің артуын көрсететін құбылыс. Тиісті органдар қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Фото: baq.kz